Спорт – денсаулық кепілі

0 250

Т.Рысқұлов ауданда 53 мәдени ошақ бар болса, оның 21-і мәдениет үйі мен клуб, 31-і кітапхана, 1-еуі кинотеатр. Аталған мәдени нысандар аудан халқына тұрақты қызмет ұсынуда. Бұл жөнінде ңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Ерболат садырқұлов айтып берді. Былтыр 5 айыдың ішінде 263 мәдени іс-шара өткізілсе, оның 243-і короновирус инфекциясынан туындаған пандемияға байланысты халыққа өз қызметін онлайн, 20-сы офлайн түрде ұсыныпты. Ал көрермен саны 13 891 адамды құрапты.

– Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша өткен жылдың 5 айында жалпы кітап қоры – 215 мың 908 дананы, оқырман саны – 6 мың 891 адамды құрады. Оқырманға 67 мың 938 кітап берілді. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша осы жылдың 6 айында 510 мәдениіс-шара өткізілсе, оның 255 шарасы онлайн түрде ұйымдастырылды. Құмарық, Көкдөнен ауылдық мәдениет үйлінің газбен жылытылатын жапсарлас қазандығы және Қорағаты ауылдық мәдениет үйінің қатты отынмен жылытылатын қазандығы модульдік қазандыққа ауыстырылды. Биыл «Мэлс Өзбеков» атындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды, – дейді Ерболат Салқанбекұлы.

Сонымен қатар «Сұлутөр» кинотеатры, Қарақыстақ ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі.

Сондай-ақ Ерболат Садырқұлов Т.Рысқұлов ауданында спорт саласын дамытуға да баса мән беріліп отырғанын тілге тиек етті.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыру аталған бағдарламаның басым бағыттының бірі екенін атап көрсеткен еді. Ссебебі спорттың адам өміріндегі маңызы айрықша. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, кез келген жерде тұрғындар спорттың қай түрімен айналысамын десе де оған тосқауыл болмауымыз керек. Әсіресе, жастардың спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасау басты парызымыз, – дейді ол.

Бұл ауданда 169 спорт нысаны бар екен. Оның ішінде біреуі спорт кешені болса, тағы бір үлкен стадион бар. 97 спорт алаңшасы мен 21 футбол алаңы, 44 спорт зал және 5 басқада спорт нысандары тұрғындардың спортпен шұғылдану әжетіне жарап тұр. Аталған спорт нысандарының барлығы да аудан тұрғындары үшін қолжетімді әрі ақысыз қызмет ұсынатыны қуантады.

Өткен жылдың 5 айында аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 33,4 пайызын құрапты. Бұл 21 мың 783 адам деген сөз. Биыл Луговой ауылынан жаңа дене шынықтыру және спорт кешенінің құрылысы басталаыпты. Ал, Өрнек, Жаңатұрмыс, Ақниет ауылында стритворкаут алаңшалары орнатылатын болыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.