АУДАНДА ҚАУІПТІ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

0 412

Екпе егу – ел аузында жүрген өзекті тақырып. Бүгінде «COVID-19» инфекциясын жұқтырмаудың бірден бір жолы — вакцина қабылдау екенін әлем мойындап отыр. Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданында коронавирусқа қарсы екпе салдыру шарасы қарқынды жалғасуда. Аудандық орталық аурухананың ақпаратына сүйенсек, бүгінгі күнге дейін ауданда коронавирус инфекциясына қарсы 9106-ке дозасы салынған. Жұқпалы дертке қарсы вакцина қабылдауда педагогтар үлесі жоғары. Өз саулығы арқылы өзгенің амандығын ойлаған ұстаздар саны күннен-күнге көбеюде. Осы күнге дейін 1791 білім қызметкерлері, оның ішінде 981 педагог екпе қабылдаған.

Сонымен қатар, аудан аумағында екпе қабылдау үшін аудан бойынша 6 екпе жасау бригадалары жасақталған. Жылжымалы екпе бригадаларының күшімен Тереңөзек, Ақыртөбе, Қонаев, Құмарық, Қорағаты, Қызылшаруа, Луговой, Қарақыстақ, Әскери қалашық және басқа да елді мекендерінде салынды. Және де вакцинация жасауға аудандық орталық аурухананың жылжымалы диагностикалық кешені де қамтылып, қызметкерлері көп мекемелер мен базардағы адамдардың вакцина салдыруына мүмкіндік жасауда.

Аталған екпе салу емханаларында медициналық ем-шара бірқалыпты, тұрақты жүргізілуде. Вакцинаны салу әр адамның еркіне қарай жүргізіледі. Алайда екпе салуда денсаулық жағдайына байланысты тиісті талаптар бар. Ауыл тұрғындарының арасында да өз еркімен келіп, екпе салдыртқандар саны аз емес.
Вакцина құрамындағы компоненттер иммун реакциясын тудыратын ақуыз шығарады, осылайша организм вируспен күресуді үйренеді. Сол себептен әр адам өзі жауапкершілікпен қарауы керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.