Шымкентте базар маңында шыққан алапат өрттің видеосы тарады 150 0

0 304

Желіде Шымкенттегі алапат өрттің видеосы тарады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жағдайға түсінік берді.

Куәгерлер түсірген кадрларда қою қара түтін көрінеді, жарылыс дыбыстары естіледі.

Әлеуметтік желілерде оқиға Янги Шахар базарының маңында болғаны жазылған.

«Шымкентте Янги Шахар базарының маңында өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша, самса сататын кафе мен цех жанып жатыр», — делінген видео сипаттамасында.

Шымкент ТЖД өкілдері өрт сағат 10:19-да Абай ауданы Темірлан тасжолы бойында орналасқан антисептикалық құралдардың қолданылған ыдыстарын сақтауға арналған бөлмеде басталғанын хабарлады.

«Өрттің көлемі 160 шаршы метр. Өрт сағат 10:35-те оқшауланып, сағат 11:06-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД 5 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 25 адам, сондай-ақ апаттар орталығының медицина қызметкерлері жұмылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді ведомство өкілдері.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.