Шу ауданының мемлекеттік қызметкерлері вакцина салдыруда

0 328

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысысы Нариман Жетпісбайұлы бастаған аппарат қызметкерлері вакцина салдырды. Бұған дейін аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Жақсыбаев пен Ербол Аймамбетов, білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева бастаған бірнеше мектеп директорлары індетке қарсы екпе қабылдаған болатын. Мәселен бүгін вакцина салдырған аппарат қызметкерлері қабылдағаннан кейінгі денсаулық жағдайымен бөлісті.

​ ​ ​ ​ -«Спутник V» вакцинасының алғашқы компонентін қабылдадым. Жер әлемді жайлаған қатерлі індетті бірлесіп еңсеретінімізге сенімдімін. Вакцинадан соң ешбір ауырсыну сезінбедім, жағдайым бірқалыпты, -деді Нариман Абай.

Ал, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Ермахан Юлдашбаев: — Мен үшін үйдегі отбасымның, жұмыстағы әріптестерімнің саулығы маңызды. Бүгін -«Спутник V» вакцинасының алғашқы компонентін қабылдадым. Кері әсері байқалмады,-

sheraga.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.