Шу ауданының әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

0 452

Шу ауданы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Аудан әкімі Нұржан Календеров әкім аппаратының басшылық құрамы мен қала және ауыл әкімдеріне жаңа тағайындалған аппарат басшысын таныстырды. 2021 жылғы 16 сәуірдегі аудан әкімінің №67 өкімімен аудан әкімі аппарат басшысы лауазымына Нариман Жетпісбайұлы Абай тағайындалды.

Аудан әкімі аппаратының алдында тұрған шешілуі тиіс мәселелерге тоқталған аудан басшысы тағайындалған аппарат басшысының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Нариман Жетпісбайұлы 1994 жылы 10 шілдеде Шу ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. 2012 жылы Еңбекші орта мектебін “Алтын белгімен” аяқтаған. 2016 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін “мемлекеттік және жергілікті басқару”мамандығы бойынша тәмамдаған. Отбасылы, 2 ұл тәрбиелеп өсіруде.

Еңбек жолын 2016 жылы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман болып бастаған. Кейін 2017 – 2018 жылдар аралығында Шу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде бас маман, 2018– 2019 жылдары Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы қызметін атқарған.
2019 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келді.

sheraga.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.