Шетелге шығуға тыйым салынғанын мобильді қосымша арқылы тексеруге болады

0 69

Шетелге шығуға тыйым салынғанын «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандықтар аталған сервистің көмегімен борышкерлер қатарында бар-жоғын тексер алады.

«Сот орындаушылары бюджетке 40 айлық есептік көрсеткіштен аса (1 АЕК – 2 917 теңге, 116 680 теңге) қарызы бар жеке тұлғалардың шетелге шығуын шектейді. «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасын пайдалану үшін ұялы телефон нөмірі мен ЖСН нөмірін тіркеу керек. Қосымшаны пайдалану тегін», — деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.