Сайлауалды бағдарлама: жыл соңына дейін 13 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі

0 79

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы отырысының кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуымызға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Жамбыл облысының әкімдігі «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырып келе жатқанын тілге тиек етіп, орындалу барысын баяндады.

Облыста 391 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетуде. 24 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 10-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында. Бүгінге 6 нысан пайдалануға берілді. Ірі нысандардың бірі — Тараз қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер, Шу ауданындағы балаларға арналған оңалту орталығы.

Жыл соңына дейін тағы 13 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 5 нысан 2024 жылы енгізілмек. 9 нысан күрделі жөндеуден өтті, 2 нысанда жұмыстар жүргізілуде.19 аурухана мен 3 емханаға медициналық құрал-жабдықтар және 14 аурухана мен 3 емханаға 40 бірлік жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Нәтижесінде, емдеу мекемелерінің медициналық техникалармен қамтамасыз етілу деңгейі 96%-ға жеткізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.