Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

0 51

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

1 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Балқаш қалаларында, түнде Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/285756-bugin-qai-qalada-aua-sapasy-nasarlaidy-296

Leave A Reply

Your email address will not be published.