Ақтөбеде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен велокурьер ұсталды

0 66

Polisia.kz
Ақтөбеде ер адам кәмелетке толмаған велосипедші қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

30 шілдеде электровелосипед тізгіндеген ер адам велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен.

«Бірақ ер адам зардап шеккен қызға көмек көрсетпестен оқиға орнынан кетіп қалған. Салдарынан жасөспірім түрлі дене жарақаттарын алды», — дейді полиция қызметкерлері.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 58 жастағы электровелосипед жүргізушісін анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/285760-aqtobede-zasospirimdi-qagyp-oqiga-ornynan-qasyp-ketken-velokurer-ustaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.