Ресеймен келіссөз жүргізуге дайынмын – Зеленский

0 583

Украина президенті Владимир Зеленский 25 ақпан күні кезекті видеоүндеу жолдап, ресейлік басқыншылардың бейсенбі күнгі әрекеттерінің есебін берді.

Оның айтуынша, Украина Қарулы күштері жауға тойтарыс берген. Мемлекет басшысы айтқандай, бейсенбі күні 137 Украина азаматы қаза тапқан. Әскерилер мен бейбіт тұрғындардың аралас көрсеткіші. Президент Қара теңіздегі Змеиный аралын қорғаған шекарашылардың барлығы ерлікпен қаза тапқанын жеткізді.
Зеленский «нөмірі бірінші жау» екенін біле тұра Киевте қалатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Киевте ресейлік диверсанттар жұмыс істеп жатқандықтан коменданттық сағат режимін қатаң сақтау керектігін айтты.
Зеленский НАТО ұйымы көшбасшыларымен сөйлескенін, бірақ барлығы Украинаны қабылдаудан қорқып отырғанын айтты. Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін, бірақ оған қауіпсіздік кепілдігі қажет екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.