Қызылордада өртенген пәтерден 7 адам құтқарылды

0 282

Департамент мәліметінше, оқиға 8 сәуір күні 14.35 кезінде облыс орталығындағы «Шұғыла» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орына дереу жетті. Өрт сөндірушілер күшімен 7 адам құтқарылды. Төтенше жағдай салдарынан пәтер ішіндегі асхана және қонақ бөлмелерді өрт шалған. Тілсіз жау толығымен сөндіріліп, оған өртке қарсы қызметтен 17 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.