Қазақстанның сыртқы қарызы 35,6 миллиард долларға жетті
Қазақстанның сыртқы қарызы 35 млрд 600 млн долларға жетті. Бұл жайында «Atameken Business» арнасы хабарлады.
Ал жалпы берешектің қомақты үлесі банктерге тиесілі – 20,1 млрд доллар. Одан кейінгі сатыда мемлекеттік басқару секторы тұр. Ондағы қарыз – 13,8 млрд доллар. Ал Ұлттық банктің берешегі – 1,3 млрд долларды құраса, фирмааралық қарыздың көлемі 215 млн долларға тең.