Қазақстанда төрт «жасыл» электр станса салынады
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Мәжіліс 2024 жылғы 12 қарашада Баку қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады.
Құжат аясында тараптар жаһандық жылынумен күресу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздері мен тұрақты даму саласындағы жобаларды ілгерілету, әзірлеу және жүзеге асыру үшін күш біріктіреді.
Келісімге сәйкес жиынтық қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр станциясы/стансасы және қуаты 0,3 ГВт болатын бір күн электр станциясы салынады. Жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында іске асырылатын болады.
Нәтижесінде 100-ден астам тұрақты және шамамен 1500 уақытша жұмыс орны ашылады, 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылады, сондай-ақ жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясы өндіріледі. Қазақстан тарапынан бірлескен инвестор ретінде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы қатысады.
Бұл жобаларды жүзеге асыру жаңартылатын энергия көздерінің үлесі бойынша индикативтік көрсеткіштерді (оның ішінде 2030 жылға қарай 15%-ға жету мақсаты) орындауды қамтамасыз етіп, ұлттық стратегиялық құжаттарда бекітілген Қазақстан Республикасының көміртекті бейтараптық мақсатына қол жеткізуге елеулі үлес қосады.
aqshamnews.kz
depositphotos.com
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.