Қадыровтың басшылығымен Шешенстан батальоны Киевке шабуылды бастамақ

0 6 032

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украина астанасы Киевті басып алу үшін Шешенстаннан келген арнайы батальонды басқарады. Бұл туралы orda.kz хабарлады. 

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, РФ қарулы күштерінің жоспарына сәйкес, егер мүмкін болса, Киевті басып алуға Рамзан Қадыров басқаруымен Шешенстаннан арнайы батальоны бастайды.

Еске салсақ, қазір Украина астанасының халқы үрей мен қорқыныш құшағында. Өткен түні Ресейдің зымырандары ел астанасына бағытталды, ал өзге қалалардың тұрғындары техникалардың жедел түрде Киев бағытына беттегенін айтуда.

Қазіргі уақытта нақты ақпарат беретін орталық жоқ. Бүгін таңертең видеоүндеу жасаған Зеленский де Киевке шабуыл жасалу ықтималдылығының жоғары екенін, өзінің «нөмірі бірінші жау» екенін айтқан.

Ал Телеграм-арналар сәт сайын «Киевте түсірілген» деген жазумен жарылыстардың, автомат дауысының видеоларын жүктеуде. Қазір Украина мен Ресей арасында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Қос тарап та тұтқындар алып, олардың видеосын жүктеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.