Президент БҰҰ Бас хатшысына QazVac отандық вакцинасы туралы мәлімет берді

0 194

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришке коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы туралы айтты, — деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

Кездесу видео конференция режимінде өткен.

«Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысына коронавирусқа қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде, QazVac отандық вакцинасының әзірлемесі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін халықтың 55 пайызына екпе салу жоспарын жеткізді. Антониу Гутерриш коронавирус індетіне қарсы қазақстандық вакцинаның әзірлемесін және жаппай екпе салу науқанының табысты жүргізіліп жатқанын құптады», — делінген Ақорда сайтында.

Антониу Гутерриш Қазақстанның ядролық қаруға қарсы жаһандық мәселені ілгерілетудегі көшбасшылығын жоғары бағалады. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысын Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай тамыз айында елімізде өткізілетін халықаралық конференцияға шақырды.

Әңгімелесу соңында тараптар ортақ мүддені көздейтін ауқымды мәселелер бойынша жасалатын тығыз байланыстарды жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.