Пилоттық жобаның пайдасы көп

0 223

«Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту» пилоттық жобасы мал ұстап, есік алдындағы баубақшадан пайда табамын деген ауылдықтарға айтапрлықтай табыс көзі болып тұр. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық игілігінің бірі – ауыл шаруашылығы саласына қатысты болғандықтан, бұл жоба егіс алқабы бар шаруаның да жерін тиімді игеруіне, жаңа техникамен қамтамасыз етілуіне, ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шағын кәсіпкерлікпен айналысушыларға үлкен қолдау екені даусыз. Т.Рысқұлов ауданындағы Құмарық ауылдық округінде аталған жобаны іске асыру мақсатында арнайы «Құмарық-Тау» кооперативі құрылған болатын. Бүгінде сол жоба аясында нақты не тіршілік атқарылып жатқанынын аудан әкімі Ерболат Садырқұлов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз коонференцияда баяндады. Оның айтуынша жоба бойынша 788,6 миллион теңге несие алынып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. бір айта кетерлігі аталған қаржының 89,9 миллион теңгесіне 17 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен әр түрлі қондырғылар лизинг арқылы сатып алыныпты. Бүгінде осы жобаны Абай және Көгершін ауылдық округтерінде жалғастыру үшін толық есептері әзірленіп, облысқа ұсынылыпты.

Бұдан бөлек Ерболат Салқынбекұлы аудандағы мал сою алаңы жайында да сөз қозғады.

– «Луговой жылқы зауытында», «Шәушен» шаруа қожалығында 4 мал сою пункті және Құлан, Ақыртөбе ауылы мен жеке кәсіпкерлердің аулаларында 13 қарапайым үлгідегі мал сою алаңдары тұрақты жұмыс істеп тұр. Құлан, Ақбұлақ, Құмарық, Абай, Ақыртөбе, Өрнек, Қорағаты, Қарақыстақ, Жаңатұрмыс секілді 9 ауылдық округ ветеринариялық пунктпен қамтамасыз етілген. Осы жылы Луговой, Көкдөнен, Көгершін ауылдық округтеріне ветеринариялық пункт салынады.

Ауднада әр салада атқарылып жатқан жұмыс ауқымды, табыс ауыз толтырып айтарлдықтай. Мәселен есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі» 5,4 миллиард теңгені немесе 101 пайызды, «Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі» 2,8 миллиард теңгені немесе 103 пайызды, «Бөлшек сауданың нақты көлем индексі» 1,5 миллиард теңгені немесе 109 пайызды көрсетіп, аталған салаларда тұрақты өсім қалыптасты, – дейді Е.Садырқұлов

Ауданның жалпы жер көлемі 908 691 гектар екен. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің үлесі 740 676 гектар болса, оның ішінде егістігі – 146 654 гектар, көп жылдық өсімдік 202 гектар, шабындық 19550, жайылым – 574270 гектар екен. 2019 жылы көлемі 2799 гектар 20 жер учаскесі игерілмегені үшін мемлекет меншігіне қайтарылыпты. 5678 гектар жайылым санатындағы 72 жер учаскелерін пайдалануда заң бұзушылық анықталып, иелеріне ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылған көрінеді.

12 372 гектар жер телімі, оның ішінде 532 га егістік пен 11 840 га жайылым қайта айналымға қосылыпты. 1120 гектар жақсартылған жайылым және шабындық жерлердің санаты егістік санатына ауыстырылған екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.