Т.Рысқұлов ауданында табыс мол

0 227

Өңір экономикасы алға жылжуы үшін кез келген салада жүргізілетін жұмыс жүйелі болуы керек. Өйткені жүйесіз жұмыстың соңы құрдымға кетеді. Ал атқарылар жұмыс жүйелі жүргізіліп, халықтың арыз-шағымы ескерусіз қалмаса, мұндай жерді береке жайлайды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудан әкімдерінен аталған артықшылықтарды талап етуінің мәні осы. Мәселен Т.Рысқұлоав ауданыны экономикасының жылдың 5 айында негізгі салалар бойынша оң динамика қалыптасуына нәтижелі жұмыс әсер еткенін айта кетуіміз керек. Бұл аудандағы экономиканың өсімі есепті мерзімде 101,5 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Аудан әкімі Ерболат Садырқұлов жыл соңына дейін бұл өсімді 104 пайызға дейін жеткіземіз деп отыр.

– Өнеркәсіп өндірісінің көлемі осы жолы 5 450,0 миллион теңгені (2020 жылы – 5446,6 миллион теңге) құрап, нақты көлем индексі 100,1 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 4956,3 миллион теңгеге (2020 жыл – 4714,3 миллион теңге) жетсе, нақты көлем индексі – 102,2 пайыз. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3 086,4 миллион теңгені (2020 жылы – 2748,7 миллион теңге) құрады. Нақты көлем индексі 109 пайызды көрсетіп отыр, – дейді аудан әкімі.

Мұндап биыл құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізіліпті. Оның көлемі 2932 миллион теңге (2020 жыл – 2898,0 миллион теңге) болса, нақты көлем индексі 101 пайызға орындалыпты. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 3363,0 мың шаршыметрді (2020 жылы – 3787,0 мың шаршыметр) құраса, нақты көлем индексі – 87,9 пайыз екен. Бөлшек сауда айналымының көлемі де көңіл көншітеді. Мәселен өткен жылы бөлшек сауда көлемі 1508,3 миллион теңге жетсе, есепті кезеңде 1520,0 миллион теңгеге артығымен орындалып, нақты көлем индексі 100,1 %-ды құрапты. Аудан бюджеті кірісін жылдық жоспар бойынша 18.6 миллион теңгеге жеткізу көзделсе, оның ішінде 5 айдың ішінде 6,4 миллиард кіріс кіріп, қазына қаржысы нақты 6,9 миллиард теңгені құрап, 500 миллион теңгеге артығымен орындалыпты.

Бюджет қаражаты 99,7 пайызға игерілген екен.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасынан туындаған міндеттемелердің орындалуы және одан шыққан нәтиже халықтың жағдайын жақсарту мен ел экономикасын алға жылжытуда қолға алынған жаңа үдерістің тиімділігін көрсетіп отыр. Басшылық тарапынан болатын тапсырма мен талап бар жерде бұл біздің әлеуметтік-экономикалық салаларға деген жауапкершілігімізді арттырады. Соның арқасында Т.Рысқұлов ауданы биыл тәуелсіздіктің отыз жылдығын жоғары табыспен қарсы алып отыр. Бастысы халқымызды баянды болашаққа жетелейтін бағытымыз бар, біз сол жолмен жүріп келеміз, – дейді Е.Садырқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.