Павлодарда тұрғын түнгі клубта жарақат алып, комаға түсті
24 жастағы Әлішер Советханның жағдайы туралы әпкесі Рената Жұмаділова Instagram-парақшасында айтып берді. Қыздың айтуынша, Әлішер ауруханаға 27 мамырдан 28 мамырға қараған түні түскен.
«Ол мекемеге түнгі сағат бір шамасында әйелінің туыстарының шақыруымен барған, олардың бірі баласының дүниеге келуін атап өтті. Әлішермен бірге тағы төрт жігіт болған. Таңғы сағат 4.00 шамасында оның ауруханаға түскенін білдік. Оның комада жатқанына алты күн болды. Жағдайы өте ауыр, дене жарақатынан басқа, бас сүйегі екі жерден сынған, ми контузиясы, өкпе контузиясы бар, қабырғалары сынған, жамбасы екі жерден сынған», — деді жәбірленушінің әпкесі.