Оралда техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкері тоққа түсіп мерт болды

0 263

Оралда автокөлікті жөндеу кезінде техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкері тоққа түсіп мерт болды.

 

Қайғылы оқиға 18 маусымда техникалық қызмет көрсету орталығында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 32 жастағы ер адам көз жұмды.

«Өкінішке қарай, жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деп толықтырды полиция.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түсті. Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.