Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

0 241

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Ол 2021 жылғы 7 мамырда сағат 00.00-де күшіне енеді.

Көпшілік жиналатын іс-шаралар туралы тыйым:

«Бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде өткізілетін іс-шараларды қоспағанда (30 адамнан артық емес), ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салу;

Ashyq жобасы бойынша Нұр-Сұлтанда океанариум, караоке, банкет залдары, көрмелер, марафондар іске қосылады, сондай-ақ көрермен қатысатын спорттық іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ұлттық компания әкімшілік қызметкерлерінің жұмысы туралы ереже өзгерген:

«Өндірістік қажеттілікке байланысты меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар әкімшілік персоналы кемінде 80 пайыз қашықтан жұмыс нысанына көшу. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакциналау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескермей жүзеге асырылады. 

Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19 жұқтырып жазылған барлық қызметкердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі«.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.