Мойынқұмда атқарылған іс ауқымды

0 346

Бүгін Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Мойынқұм ауданының әкімі Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлы мен Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Садуақасов Сержан Қалқаманұлының 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы халық алдындағы бірлескен есебі өтті.

Кездесуде алдымен округ әкімі С.Садуақасов жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы жоспарларын баяндады. Содан соң аудан әкімі М.Мұсаев аудан бойынша атқарылған тындырымды істерді слайд арқылы көрсетіп, жиналғандарға түсінікті етіп жеткізді. Жиында ауыл тұрғындары күл-қоқыс мәселесін, мал кезегін бағуға бада ұйымдастыру және жайылымдық жерлерді ұлғайту,қаңғыбас иттер ату, ағын су, ауыз су мәселелерін көтерді. Көтерілген мәселелер төңірегінде аудан басшысы М.Мұсаев нақты жауаптар беріп, ауыл әкімі С.Садуақасов пен тиісті басшыларға тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.