Мемлекеттік грант арқылы кәсібін ашты

0 365

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту Жамбыл ауданында сәтімен жүзеге асырылып келеді. Бұл кәсіппен айналысамын деген жергілікті тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Сәйкесінше бар мүмкіндікті пайдаланып, кәсібін ашып жатқан азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр.
Өткен жылдың өзінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 1225 азаматқа берілді. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы 614 отбасы, жұмысқа жарамды 19 мүгедек, 203 жас, 2 қандас, 387 жұмыссыз азамат қайтарымсыз грант алды.
Бүгінде мемлекеттік бағдарламаның шарапатын сезініп, игілігін көріп отқан жандар жетерлік. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес идеясын жүзеге асырып, жаңадан кәсіп ашып жатқандардың арасында жастар да аз емес. Олардың қатарына Жәнерке Зауырбекова мен Ақару Оралбекті жатқызуға болады. Олар бірлесіп Аса ауылы Абай көшесі бойынан сұлулық студиясын ашты.
– Біз мемлекеттік бағдарлама бойынша грант алып, сұлулық студиясын аштық. Біздің салонда шаш қырқу, бояу, кірпік жалғау, өсіру, тырнақ бояу, әрлеу, шугаринг секілді қызмет түрлері көрсетіледі.
Барлығына рақмет айтқым келеді. Аудан әкімшілігіне, Халықты жұмыспен қамту орталығына, жалпы, қолдау білдірген азаматтарға алғысымыз шексіз, – дейді Ақару Оралбек.
Нысанның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов, Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алтай Стамқұлов арнайы келді. Жас кәсіпкерлердің қуанышына ортақтасып, жұмысына табыс тіледі.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.