Ерлік ешқашан ұмытылмайды

0 82

Ұлы Отан соғысындағы ерліктер жылдан-жылға алыстап барады десек те, ол туралы талай-талай естеліктер мен жыр-дастандар жазылуда. Дүние жүзін фашизм езгісінен азат еткен халықтың жауынгерлік ерлігін адамзат ешқашан да ұмытпайды.

Ұлы Отан соғысы жылдары – тарихтың тек драмалық қана емес, жаугершілік те заманы болып саналады. Өйткені Отан үшін от кешкен миллиондаған адамдардың жауынгерлік ерлігі мен жанқиярлықтың үлгісі дәл сол жылдармен тығыз байланысты. Сондықтан да біз ол жылдардан алыстаған сайын, соғыстың тарихи мәні мен маңызын тереңірек түсінеміз.
Осыған орай кеше, 1 наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне орай, Жайылма, Қызылдихан, Маятас ауылдарынан 8 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жұбайларын Жайылма ауылдық округі әкімі Ж.Смағұлов аралап мереке күнімен құттықтай отырып, арнайы медальдармен марапаттап, сый-сияпат көрсетті.

Ауыл әкімі Ж.Смағұлов батыр ардагерлеріміздің соғыс жылдарында өз өмірлерін қатерге тігіп басынан аяғына дейін абыроймен қатысып, фашизмді құлатуға, жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауға үлкен үлес қосқандарын , Отанға шексіз қызмет етудің, қазақстандық жас буынды тәрбиелеудің жарқын үлгісі және бағдары, — деп өз сөзінде атап өтті.

Біздер барлығымыз батырлар ұрпағымыз ,біз үшін бұл үлкен мақтаныш деп қорытындылады.

Д. Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.