Шулықтар «Алғыс айту» күнін атап өтті

0 284

Осыдан 5  жыл бұрын Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көктемнің алғаш күні «Алғыс айту» күні болып жарияланған еді. Сол уақыттан бері ел азаматтары асқан қуанышпен қарсы алатын мерекені биыл да Шу ауданының тұрғындары көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Осы орайда «Шын жүректен алғыс айтамын!» атты мерекелік кеш өтті.

Кеш шымылдығын ашқан мәдениет үйінің қызметкерлері әсерлі қойылыммен көпшіліктің көңілінен шықты. Қойылымда білім беру, денсаулық сақтау, өрт сөндіру, полиция қызметкерлеріне сын сағаттарда еш кедергіге мойымай, қызметтеріне жанымен берілгендері үшін алғыс білдіріп, рухты сөздермен қанаттандырып, алдағы уақытта да қарапайым халықпен қоян-қолтық жұмыс жасауға шақырды.
– Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағыттаған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы,  еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастырған бүгінгі мереке құтты болсын! Әр шаңыраққа толағай табыс, келелі жетістіктер, ынтымақ пен береке тілеймін!,– деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Нұржан Календеров.
Мұнан кейін салтанатты жиын ауданда шоғырланған әр ұлт өкілдерінің өнерлі ұл-қыздарының әуелеген әні, мың бұралған биімен жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.