«Көлігімді үйге қойып, жаяу жүруге мәжбүрмін»: Шымкенттіктер қалада жанармай тапшылығына шағымдануда

0 91

Шымкентте дизель тапшылығы байқалуда. Үш күннен бері жүргізушілер жанармайды тек талондар бойынша құйып жүр.

 

Шетелден келген жүк көліктерінің жүргізушілері ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Ал жеңіл көліктерге мүлдем дизель сатылмайтын көрінеді. Шымкенттіктердің айтуынша, жанармай тапшылығы бірнеше күн бұрын байқалған. Бұған себеп – қаладағы мұнай өндіру зауытының созылып кеткен құрылысы. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталған. Зауыт жұмысы 16 маусымнан қайта басталып, күніне 5,5 мың тонна жағармай өндіруледі.

«Бүкіл қаланы аралап шықтым. Бірақ дизель таппадым. Енді көлігімді үйге қойып, жаяу жүруге мәжбүрмін», – дейді қала тұрғыны.

Сонымен қатар теміржол тасымалымен де қиындықтар байқалуда. Мұнда да жанармай жетіспеушілігі сезіледі. Мамандар өз кезегінде елімізде 200 мың тонна дизель резервте бар екенін жеткізді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.