Кәсіпкерлер көбейіп, жұмыссыздар азайып келеді

0 156

Қазір қай елді мекенге ат басын бұрмаңыз, шаруа қожалықтардың саны артып, халықтың тұрмысының жақсара бастағанын байқайсыз. Басты себеп – бүгінгі таңда ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алып, төрт түлік өсіріп, табыс тайқазанын тасытуға болатынын ұғынды.

Жері шұрайлы, шөбі шүйгін Жуалы ауданында мемлекет тарапынан ұсынылған мүмкіндіктердің арқасында атакәсіпті өркендетіп отырғандардың қатары жыл санап артып келеді. Сондай-ақ бірнеше жыл бұрын басталған Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы жуалылық ағайынның игілігіне жарап, нәтижесінде аймақта егін және мал шаруашылығы қанатын кеңге жаюда.

– Облыс тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған пилоттық жоба Ақтөбе ауылдық округінде табысты іске асырылуда. «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы кооперативі 13 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыды. Бұдан бөлек, 193 ауыл тұрғыны 559 миллион теңге 2,5 пайызбен несие алып, мал шаруашылығын дамытуға өз үлестерін қосуда. Осының есебінен аталған ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек алатын 98 отбасы 14 отбасына азайып, жеке кәсіпкерлердің саны 24-тен 196-ға артты, – дейді Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Жарқынбек Шоғалов.

Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін 4879 кәсіпкер (2 орта, 204 шағын кәсіпорын, 2217 жеке кәсіпкер және 2456 шаруа қожалығы)  тіркелген. Олардың қатары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға артқан. Осы кәсіпкерлік нысандарда 9552 адам жұмыс істеуде. Кәсіпкерлердің күшімен 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында 1 071,4 млн. теңгенің (2020 жылдың 4 айында 997,5 млн. теңге) бөлшек саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,5 пайызға орындалады.

Жарқынбек Амангелдіұлының айтуынша, жалпы ауданда ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін 4879 кәсіпкер (2 орта, 204 шағын кәсіпорын, 2217 жеке кәсіпкер және 2456 шаруа қожалығы) тіркелген. Олардың қатары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға артқан. Осы кәсіпкерлік нысандарда 9 552 адам жұмыс істеуде.

– Жуалы ауданында бірқатар іргелі өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2 681,0 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, Кәсіпкерлердің күшімен 2021 жылы 1 071,4 миллион теңгенің бөлшек саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,5 пайызға орындалды.

Есепті мерзімге 2 371,4 миллион теңгенің көтерме саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,1 пайызға орындалды, – деген Жарқыбек Амангелдіұлы кәсіпкерлік саласының көкжиегі кеңейген сайын жұмыссыздар саны бірнеше есеге азайғанын тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.