Елорданың бір ауданында түні бойы су болмайды

0 320
2 маусымның кешінен 3 маусымның таңына дейін «Байқоңыр» ауданына ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

«ЖЭО-1 мен өндірістік аймақта ауыз су құбырындағы қысым реттегішті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 2 маусымда сағат 21.30-дан 09.00-ге дейін Байқоңыр ауданы бойынша ішінара: Өндіріс тұрғын алабы, Кирпичный тұрғын алабы, Пушкин көшесі, 69 көшесі, Алаш тасжолы және әл-Фараби даңғылы, ЖЭО-1-де ауыз су беру уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.

3 маусымда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін бұл аудандарда судың қысымы төмен болады, бұл су құбыры желілерінің іске қосылуына байланысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.