«Несиелік рақымшылық» туралы тың ақпарат пайда болды

0 392

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылы жүргізілген кредиттік амнистияны ұзартуды ұсынды. Себебі әлеуметтік жағынан осал топтардың ішінде 300 мың теңгені кешіру шарасын пайдаланып үлгермеген азаматтар бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» үкіметтің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгерістер енгізуге арналған құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Әлеуметтік жағынан осал азаматтар түрлі себептермен өмірлік қиын жағдайға тап болып, өз атына алған кредиттік міндеттемелерін орындай алмай отыр.

«ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚАУЛЫДА КӨЗДЕЛГЕН МЕРЗІМДЕР АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ БОЛМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БЕРЕШЕГІ ӨТЕЛМЕЙ ҚАЛҒАН АДАМДАР АНЫҚТАЛДЫ», – ДЕЛІНГЕН ТҮСІНІКТЕМЕДЕ.

Осыған орай «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 жарлығының күшіне ілігетін адамдарды толықтай қамту мақсатында жарлықты іске асыру мерзімдерін ұзарту ұсынылып отыр.

Кредиттік амнистияның мерзімін ұзарту оған ілінбей қалған азаматтарды қамтып, олардың қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Құжаттың жобасы 14 маусымға дейін талқылауға шығарылып отыр.

Айта кетейік, кредиттік рақымшылық кезінде әлеуметтік жағынан осал топтардың тұтынушылық кредиттері бойынша негізгі қарыздың 300 мың теңгесі өтелді. Бірақ кредиттің жалпы сомасы 3 миллионнан аспауы шарт.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.