Алматыда ер адам өз әйелін көлікпен қағып кетті

0 295

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін көлігімен қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматының Жетісу ауданының тұрғындары жедел жәрдем бригадасы мен полиция жасағын шақырды.

Қалалық полицияның хабарлауынша, жас әйелдің өзі бұрынғы күйеуіне келгені анықталды.

«Әйел бұрынғы күйеуінен көлікті тұраққа дейін айдап баруды өтінді. Жас жігіт рульге отырған кезде, әйел қозғалып бара жатқан көлікке отырмақ болған. Ер адам мас күйінде болған және оның жүргізуші куәлігі жоқ «, – деп хабарлады департаменттен.

Полиция істі тіркеді. Оқиғаның мән-жайы іс жүргізу нәтижелері бойынша анықталады.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.