Егіс алқабын барынша игеруге мүмкіндік бар

0 160

Т.Рысқұлов ауданында осы жылы көктемгі егіс дала жұмыстарын жоспарлы көлемде орындау мақсат етілген болатын. Көзделген үдеге қол жеткізу үшін облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасымен аудан әкімі арасында келісім жасалып, меже бекітілді. Соның бірі – егін шаруашылығын дамыту, экономиканы әртараптандыру және сандық көрсеткіштен сапалық көрсеткішке қарай бет бұру, егістік жерлерді игеру. Бүгінде бұл міндеттер жоспарлы түрде орындалу үстінде.

Аудан бойынша 146,6 мың гектар егістік алқаптың 136,5 мың гектарына былтыр ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, биыл дақыл түрлері 143,9 мың гектарға егіліпті. Осылайша егіс көлемін арттыру өткен жылмен салыстырғанда – 7,4 пайызға артық орындалған.

Ағымдағы жылдың өніміне 61,3 мың гектар күздік бидай егу жоспарланып, нақты 69,4 мың гектарға (113,3 пайыз) дән себілген екен. Сонымен қатар 560 гектарға күздік арпа, 160 гектарға рапс дақылы есебілген.

биылғы өнімге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен келісіліген жоспарға сәйкес, 72 155 гектар сүдігер көтеріліп, оның 375 гектары қант қызылшасына дайындалған. Көктемдегі дала жұмыстарын жүргізу барысында 58 700 гектарға жаздық арпа, 3 500 гектарға жаздық бидай, 8 700 гектарға мақсары, 375 гектарға қант қызылшасы, 150 гектарға жүгері, 700 гектраға картоп, 550 гектарға көкөніс, 200 гектарға бақша өнімдері, 20 гектарға таңқурай, құлпынай дақылдары, 12 550 га жоңышқа егіліпті. Жоңышқаның 3 500 гектарына жаңадан тұқым себілген көрінеді. алдағы уақытта 6 364 гектар пар айдалмақ. Осыдайша аудандағы барлық 146,6 мың  гектар егістік алқап толық игерілмекші.

Осы жылғы көктемгі дала жұмыстарына 2 795 тонна кепілдендіріліген жанар май бөлініп, ауданның операторы ретінде «WeDo Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленіпті. Бөлінген дизель отындары осы оператор арқылы шаруаларға 1 литрі 162 теңгеден босатылып жатқан сыңайлы.  Бұл өз кезегінде жер емген дихандар үшін айтарлықтай қолдау болып отырса керек.

Мол өнім алудың тағы бір дәстүрлі амалы – егістік жерлерді тыңайту. Алынатын өнім көлемін арттыру мақсатында осы жылы 2 180 тонна тыңайтқыш алу жоспарланып, жыл ішінде 2 412 тонна тыңайтқыш алынған. 37,9 мың гектар егістік алқаптарға сіңірілген болса, дақылдардың өнімділігін молайту үшін 5 айда 1491 тонна селитра, 24 тонна аммафос алынып, қосымша 480 тонна селитра, 1125 тонна аммафос алуға сұраныс жіберіліпті. Жалпы осы жылы аудан шаруашылықтары 3 120 тонна тыңайтқыш алып, 41,2 мың гектар сіңіру жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.