Егін сайлы, көңіл жайлы

0 376

Бүгінде Жамбыл облысында жиын-терін жұмыстары қыза түсті. Жер емген диқандар дала төсіндегі ерте көктемнен басталған еңбегі еш кетпес үшін бел жазбай еңбек етуде. Облыс орталығына іргелес жатқан, егін шаруашылығына айрықша басымдық берген Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтар да егінге орақ салып, еңбектің көрігін қыздыруда.

Жалпы биыл өңірде вегетация кезеңі күрделі өтуде. Негізгі себеп – ағымдағы жылы Қырғыз Республикасында да су тапшылығы орын алуда. Себебі қыста тауға қардың аз түсуінен және көктем-жаз мезгілдерінде жауын-шашынның аз түсінен айыр қалпақты ағайындар да қазіргі таңда құрғақшылықтың зардабын тартып отыр. Сол себепті су тапшылығының салдарынан егін күйіп кетпеуі үшін жамбылдық шаруалар жиын-терін жұмыстарын ерте бастауға мәжбүр болып отыр.

Егіс басындағы диқандардың қым-қуыт тірлігімен танысып, жауапты науқанның барысымен танысу мақсатында Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы мен аудан әкімінің кеңесшісі Аманалы Құрбанов аймақтағы іргелі «Шарипов» шаруа қожалығының картоп алқабына арнайы барды. Ауданға қарасты Ақбастау ауылдық округінде орналасқан аталған шаруа қожалық биыл сексен гектар алқапқа картоп отырғызыпты. Қазіргі таңда табанды еңбектің арқасында 40 гектар алқаптың өнімі жиналыпты. Ал жиналған өнімдер облыс орталығындағы «Ауыл-береке» базарына өткерілуде. Сонымен қатар көршілес Шымкент қаласына да тасымалдануда. Шаруа қожалық төрағасы қазір 260-ге адам жұмыс істеп жатқанын, оларға күнделікті еңбекақысын төлеп отырғанын жеткізді.

– Шыны керек жерге алғаш дән сепкенде көңілде мың күдік болады. Тілсіз жау өттің салдарынан немесе ауа райына байланысты бір пәсте бар еңбегің зая кетіп, шығынға батуың мүмкін. Ал биыл жерден ырзығын айырған диқандар үшін ауыр жыл болды. Көктемнен бері жауын-шашынның түспеуі де біршама қиындықтар туындатты. Алайда егісті кезекпен суару арқылы ғана су тапшылығынан аз да болсын құтыла алдық.

Енді алаз жаз бойғы бейнетіміздің зейнетін көретін шаққа да таядық. Ендігі мақсатымыз-өнімді ұқыптап жинап алу. Бұл ретте де ешқандай мәселе туындап тұрған жоқ, – шаруа қожалықтың бригадирі.

Ал аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы бүгінде су тапшылығы өзекті мәселе болып тұрғанын, дейтұрғанмен бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Е.Қыдыралыұлының айтуынша, бүгінде жамбылдық шаруалар су үнемдеу технологияларын көптеп енгізіп, нәтижесінде көңіл көншітерліктей өнім алуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.