Арубаев: Сіздер кетесіздер, біз қаламыз

0 543

Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев Өрнек ауылындағы көшелерге төселіп жатқан асфальт жұмыстарының барысын көріп қайтты.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бекбенбет Әбілдаұлы, Сәбит Мұқанов көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын «Нұр-Абдрахман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған.

Өздеріңізге белгілі, әлеуметік желіде тұрғындар осы көшенің (С.Мұқанов) жол жабындысының сапасына наразылық тудырған болатын.

Көшелерді аралап көрген аудан басшысы Сәкен Қаланұлы мердігер өкіліне жұмыстар талапқа сай жасалуы керектігін ескертті.

– Тұрғындар уәжін көрген шығарсыз. Сіз ойламаңыз, сапа тек жергілікті биліктің ғана емес, ауыл тұрғындарының да – бақылауында.
Біз сападан кінәрат щықпасын деп аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерін тарта отырып, топ құрған болатынбыз. Себебі, сіздер жұмыс жасап кетесіздер, біз осынла қаламыз. Сондықтан ел игілігіне жасалған қажетілік кемшіліксіз болуы керек. Тұрғындар наразылық тудырған екен, біз бұл көшелерге «Жол активтерінің Ұлтық сапа орталығының» мамандарын шақыртып, жол сапасын экспертизадан өткізіп, оның нәтижесін саралап болғанан кейін барып қабылдайтын боламыз, – деді өңір басшысы

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.