Дәрігерлер Ақтөбеде жол апатынан аман қалған 1 жасар баланың денсаулығы туралы айтты

0 239

Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты.

Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Ақтөбеде К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысып, үш адам мерт болды.

Дәрігерлер сол жол-көлік апаты кезінде аман қалған жолаушылардың жағдайын айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров: «1 жасар бала бас-ми жарақатын алған. Сонымен бірге сол жақ өкпесі жараланды. Сол жақ беті, құлағында да жарақат бар. Баланың жағдайы тұрақты. Қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен бірге 1959 жылы туған әйел де жабық бас-ми жарақатын алған. Қабырғалары сынып, сол жақ өкпесі зақымданды. 1-2 дәрежегі травматикалық шок алған. Оның жағдайы ауыр», – деді.

Сондай-ақ 1997 жылы туған әйел де түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Оның жағдайы ауыр.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.