Дәрігерлер жаңа туған нәрестеден 2 келі ісікті алып тастады

0 148
🏥 Алматыда дәрігерлер салмағы 4 келіден асатын жаңа туған қыздан 2 келілік алып ісікті алып тастады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нәресте 18 тамызда сегізкөз-құйымшақ тұсындағы тератомамен дүниеге келген. Ісік жүктіліктің 20-аптасында анықталған. Қыз 34-аптада кесарь тілігі арқылы туған.
Туғаннан кейін бірнеше сағат ішінде сәби Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізіліп, келесі күні күрделі операция жасалды. Ота екі сағаттан астам уақытқа созылып, сәтті өтті.
❤️‍🩹 Дәрігердің айтуынша, ісік нәресте салмағының жартысына жуық болған. Бұл — тәжірибелеріндегі ең күрделі отаның бірі екенін айтады. Ісікті алып тастағаннан кейін бірден пластика жасалып, тігіс орны білінбейтіндей етіп қалпына келтірілген. Болашақта бұл нәрестеге ешқандай қолайсыздық тудырмайды.
Қазір қыздың жағдайы жақсы, ол үйіне шығарылуға дайындалып жатыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.