Бұрынғы көңілдесі болып шыққан: Қандықол қылмыскер туралы сюжет көрген әйел кейіпкерді танып қойды

0 430

Америкалық жазушы Джилл Маккейб Джонсон теледидардағы 49 адамды өлтірген қаскөй туралы сюжеттен өзінің бұрын кездескен жігітін танып қойғанын айтады. Сөзінше, ол ер азаматпен 1980 жылы кездесуге барған.

 

Джилл өзінен 11 жас үлкен Гэри есімді азаматпен би кешінде танысқанын айтады. Ол кезде бойжеткен 18 жаста болыпты.

«Мен онымен бірнеше апта бойы кездестім. Мен үшін сүйкімді болып көрінді. Бірге би кештеріне барып, маған сусын сатып алып беретін. Кейде менің достарыммен бірге отыратын, бірақ олармен мүлдем сөйлеспейтін. Артық әрекет жасамайтын», – дейді ол.

Америкалық жазушы бір күні әлгі ер азаматты үйіне шақырғанын жеткізді. Сол кезде Гэри өзінің ұлының суретін көрсетіп, әйелімен ажырасқанын сөз еткен. Екеуі көп ұзамай жыныстық қатынасқа түсіпті. Бірақ үйге Джиллдің пәтерлес достары келіп қалған соң, ер азамат киініп, кетіп қалған көрінеді.

Келесі күні Гэри бойжеткенді тағы да би кешіне шақырады. Алайда Джилл өзінің ауырғанын сылтауратып бармай қалған. Шын мәнінде қыздың ер азаматқа деген сезімі оның ажырасқанын білгеннен кейін суып қалған. Ең қызығы, сол күні олар қаладағы дәмханалардың бірінде жолығып қалады. Жазушының сөзінше, ол Гэриден кешірім сұрап, жағдайды түсіндірген.

«Бұдан кейін бірнеше рет Гэридің фургонын менің үйімнің маңынан көріп жүретінмін. Біраз уақыттан соң мен өзімнің сүйіктімді жолықтырып, онымен отау құрдым. Біздің бірге екенімізді көргеннен кейін Гэри мені кездесуге шақыруын қойып, жоғалып кетті», – дейді Джилл.

20 жыл өткен соң америкалық әйел теледидардан қандықол маньяк туралы сюжет көрген. Мұнда ол Гэриді танып қойған. Артынша іздене келе расымен де қылмыскердің бұрын кездесуге барған ер адам екенін анықтаған.

Айта кетсек, Гэри Риджуэй 49 әйел мен бойжеткенді өлтірді деп айыпталды. Десек те қаскөйдің сөзінше, оның құрбандарының саны 49-дан да көп. Ең алғашқы қылмысын 1982 жылы жасаған ер азамат көбіне жеңіл жүрісті қыздарға шабуылдаған.

«Гэри 1982 жылға дейін ешкімді өлтірмеген, бірақ мен сол түні жағдай қалай болар еді деп жиі ойланамын. Егер онымен тағы да кездесуге барғанда мүмкін мен қазір тірі болмас па едім» – дейді Джилл Джонсон.

Бұған қоса, ол көршісі Марсия Фэй Чапманның 1982 жылы жоғалып кеткенін еске алады. Кейіннен әйелдің денесі Грин-Ривер өзенінен табылған. Гэри өз құрбандарының мүрделін осы өзенге ағызып отырған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.