Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті

0 216

Батыс Қазақстан облысында найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті.

 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 маусым күні сағат 04.30-да Ақжайық ауданы Мерген ауылында болды.

М.Әуезов көшесі 25/2-мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында гараж бен «ВАЗ-2108» автокөлігі отқа оранды.

Өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» №10 өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен сағат 05.33-те оқшауланып, 05.46-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт найзағай түскеннен шыққан. Өңірде 3 маусымға қараған түні найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.

stan.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.