АЖАЛСЫЗ АЖДАҺА» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ……….
Сарысу ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен мәдениет үйінде белгілі жазушы-журналист, Қазақстанның Құрметті журналисі Жеңіс Шыныбекұлының «Ажалсыз Аждаһа» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі салтанатты түрде өтті.



Сонымен қатар белгілі журналист Қали Сәрсенбай мен «Арна» баспасының директоры Бақыт Бекболатұлының бейнеқұттықтаулары көрсетілді. Кеш барысында автордың туған-туыстары мен әріптестері сөз сөйлеп, Жеңіс Шыныбекұлының азаматтық болмысы мен шығармашылық қырлары туралы естеліктерімен бөлісті.
Шараның шарықтау шегі – «Ажалсыз Аждаһа» кітабының салтанатты тұсаукесері болды. Қазақстан Журналистер одағының мүшелері, белгілі қаламгер Бергентай Нұрмаханұлы және Диқанбай Ақділда жаңа кітаптың тұсауын кесті , жаңа кітапқа ақ жол тіледі.

Әдеби-рухани кеш әсерлі әндермен әрленіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жиын соңында қонақтар авторға ізгі тілектерін білдіріп, жаңа кітаптың оқырманы көп, ғұмыры ұзақ болуына тілектестік танытты.