Құланда құрылыс қарқынды

0 15

Т.Рысқұлов ауданында бүгінде тұрғын үй кезегінде барлығы 1 мың 145 адам тіркеліпті. Осы тұрғындарды кезең-кезеңімен баспанамен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Құлан ауылы «Арай» тұрғын алқабынан 80 пәтерлік 5 қабатты 2 үйдің құрылысы жүріп жатқаны белгілі. Былтыр басталған алғашқы үйдің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілсе, екінші үйдің құрылысы биыл басталған екен. Бұдан бөлек тағы да екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жобамен 2023-2024 жылдары аяқталады деп жоспарланыпты. Бірінші көпқабатты тұрғын үй құрылысы үшін өткен жылы 80 907,0  мың теңгенің жұмыстары атқарылып, осы жылға 512 576,0 мың тенге бөлініпті. Нысанды пайдалануға тапсыру уақыты – қазан айы. Жобаның келісім шарт құны – 593 726,0 мың теңге. Мұнда бір бөлмелі-20, екі бөлмелі-40, үш бөлмелі-20 пәтер бар. құрылыс жұмыстарын «Компания Сырым Блеке жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр екен.

– Екінші үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарына ағымдағы жылға бюджеттен 306 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде 280 миллион теңгесі республикалық, қалғаны облыстық бюджеттен бөлінген қаржы. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытылы жүргізілуде. Нысанды 2022 жылы пайдалануға береміз деп отырмыз. Жобаның келісім шарт құны – 673 726,0 мың теңге. Үшінші үйдің жобасын дайындау үшін аудандық бюджеттен 10925,0 мың теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылып, мердігер мекеме «Кантри-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп танылды. Бүгінде жобалық сметалық құжаттама толығымен аяқталып, Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» мекемесінен келісім алу жұмыстары жүргізілуде.  төртінші үйдің жобасын дайындау үшін, бастапқы құжаттары әзірленіп 2022 жылы жобалау жұмысын жасаймыз деп жоспарладық.

Бұдан бөлек облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында да біршама жұмыстар атқарылды. Өткен жылы аталған жоба аясында құрылысы жоспарланған 15 үйдің 14-і салынса, 2 дайын үй сатып алынып, мұқтаж отбасыларға берілді. Биыл да аталған жоба аясында 15 үйдің құрылысы жүргізілуде, – дейді аудан әкімі Ерболат Садырқұлов.

Көп қабатты үйлердің кәріз жүйесінің құрылыс — монтаж жұмыстарына 52 676,0 мың теңге бөлініпті. Мердігер мекеме – «Интеллект Азыя» ЖШС. Қазір құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталыпты. Жобаның келісім шарт құны – 45 427,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстары тамыз айында толығымен аяқталады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.