Атырау облысының әкімі Досмұхамбетовтің пиарына қанша ақша жұмсалды?

0 415

Ras Aitamyn телеграм каналы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхаметовтің қызметін ақпарат құралдарында насихаттауға бюджеттен қанша ақша жұмсалатынына үңілді.

Атырау облысының әкімдігі пропагандаға ақша бөлген бүкіл ақпарат құралын бір мақалада қамту мүмкін емес, оның үстіне оқырман уақытын сарп еткіміз келмейді. Сондықтан әдеттегідей ірі ақпарат құралдарына ғана тоқталамыз.

2020 жылы пандемия басталғалы бері Атырау облысы әкімдігі Nur.kz порталымен 25 млн теңгеге екі келісімшарт жасасты. 14,9 млн теңгеге жасасқан бірінші келісімшарт бойынша, Nur порталы “Ұран” қоғамдық бірлестігінің мүшелері Атырау билігіне алғыс айтқанын жазған. Қызығы, тақырыпта бірлестік аты URAN деп жазылыпты. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Грузиядан келген дәрігерлермен кездесті, Жайық өзенінің жағалауын белсенділермен бірге аралады деген ақпаратқа да ақша төленді.

Махамбет Досмұхамбетов анда-мында барды, ананы, мынаны қарады деген әр ақпарат үшін Nur порталына 375 мың теңге төленді. Мысалы, Махамбет Досмұхамбетов праймеризге қатысушылардың дебатына барды деген бір ақпарат әкімді де, Nur Otan партиясын да насихаттаған. Мына ақпараттар да Досмұхамбетовтің пиары:

Махамбет Досмұхамбетов үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесті
Атырау облысының әкімі дәрі-дәрмекті тұрақтандыру қорының қоймасына барды
Махамбет Досмұхамбетов Азғыр аймағының мәселелерімен танысты

Аймақтарды аралап, мәселелермен танысып, оларды шешу – әкімнің тікелей міндеті. Сол тікелей міндетін атқарғаны үшін оған бюджеттен ақша төленеді. Одан кейін әкім жұмысын атқарып жатыр деген БАҚ-тағы ақпарат үшін бюджеттен тағы ақша төленеді. Салыстырар болсақ, айталық, сіз тіс дәрігеріне қаралып, тісіңізді емдедіңіз. Ол қызметке ақша төледіңіз. Артынша тіс дәрігері тісіңізді емдеді деген ақпарат үшін сізден тағы ақша алынды. Әкімдіктердің пропагандасы да тура сол сияқты дүние. Ал енді әкімнің істеген жұмысы туралы БАҚ-та шығатын ақпаратқа ақша төлеу қаншалықты қисынды?

Атырау әкімдігі биыл Nur порталымен 9,9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Досмұхамбетовтің қызметін көрсеткен ақпараттардың қатарында мыналар бар:

Атырау облысының әкімі ардагерлерді құттықтады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Тіпті әкім Досмұхамбетов коонавирусқа қарсы Ресейдің «Спутник V» вакцинасын салдырды деген ақпарат үшін де бюджет ақшасы төленді. Сонымен қатар әкімнің “вакцина қауіпті инфекцияны жеңудің жалғыз жолы деген мәлімдемесі үшін де салық төлеушілердің ақшасы төленді.

Nur.kz порталынан бөлек Атырау облысының әкімдігі Zakon порталына әкім қызметін көрсету үшін 13,3 млн теңгенің тендерін берді. Дәл осы мақсатта Tengrinews порталының меншік иесімен 29 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Осы екі сайтта тендер есебінен шыққан ақпараттар Nur.kz-те жарияланған ақпараттарды қайталайды. Кейде тіпті тақырыптар да айна-қатесіз қайталанады. Мысалы, әкім еріктілерге награда табыстағаны туралы мына ақпараттар:

Немесе әкім Досмұхамбетов модульді инфекциялық ауруханаға барғаны туралы мына ақпараттар:

Осы материалда аталған үш ақпарат құралымен Атырау облысының әкімдігі барлығы 67 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл порталдар сол ақшаның есебінен әкімдік пен әкім қызметін белсенді көрсетті.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.