Астанада 600 адам бір пәтерде тіркеуде тұрған

0 270

Нұр-Сұлтанда 600-ге жуық адам тіркелген ауданы 43 шаршы метр болатын пәтер анықталды. Бұл туралы астананың Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пәтер иесінің айтуынша, тіркелген адамдар ол үйде тұрмайды.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Заңының 493-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Меншік иесі отбасы мүшелерінен басқаларды тіркеуден шығаратын болды.

17 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда көші-қон саласындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Көші-қон қызметінің қызметкерлері 1200-ге жуық мекенжайды тұрғылықты жері бойынша тіркелген 53 мың адамды тексерді. 53 тұрғын үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.