Aсханадa 22 адам тамақтан уланды

0 204

Бішкектегі Московская көшесі, 136 мекенжайында орналасқан «№1 асхана» кафесінде жаппай тамақтан улану оқиғасы тіркелді.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, улану салдарынан 22 адам ауруханаларға, оның ішінде 9 адам Токмок ауруханасына және 13 науқас Шу Біріккен ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық. Науқастардан сұрастыру барысында олардың барлығы 25-26 мамырда осы тамақтану орнында бризоль жегені белгілі болды.

Оқиға орнына мамандар барып, сынамалар алынды, қоздырғышты анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, кафеге 15 мың сом айыппұл салынып, болған жағдайдың барлық себеп-салдары анықталғанға дейін жабылды.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.