Жамбыл облысында 22 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

– Білім – мемлекеттің дамуын айқындайтын басты күш. Сондықтан әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру – баршаға ортақ міндет. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны ерекше. Олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалуы тиіс, – деді облыс әкімі.
– Білімді, еңбекқор, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – ортақ мақсатымыз. Бұл жолда мектеп пен ата-ананың өзара сенімі мен тығыз ынтымақтастығы айрықша маңызды. Баланың білімі мен тәрбиесіне екі тарап та бірдей жауапты, – деді Ербол Қарашөкеев.

