АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарса, Орталық Азияның жайы не болмақ?
Былтыр ақпан айында АҚШ пен «Талибан қозғалысы» (Қазақстанда тыйым салынған) өкілдері Доха қаласында кездесіп, біріншісі өз әскерін шығаруға, екіншісі ауған үкіметімен бейбіт ғұмыр кешуге уағдаласқан. АҚШ биыл 1 мамырдан бастап сарбаздарын Ауғанстаннан алып кетуді бастады. Бұл процесс Орталық Азия елдерін алаңдатып отырғаны мәлім. Себебі Батыс коалиция күштері бұл елден кетсе, онда 1990 жылдардағыдай «Талибан» қайта күшіне мініп, жендеттерін көрші елдерге жібермесіне кім кепіл?
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Современные тенденции развития онлайн-торговли демонстрируют четкое движение в сторону децентрализации и анонимности. Ярким примером служат платформы, доступные через kraken marketplace для приватной коммерции, которые объединяют участников из разны стран мира.
Дохадағы келісімде «Талибан» қозғалысы жетекшісінің орынбасары Абдулла Ғани Барадар ауған жерінде шабуыл жасамау деген міндеттеме ғана алды. Әрине, бұл міндеттемеге басқа террористік топтарды қолдамау, қаржыландырмау, қаруландырмау, жендет бермеу, шетелге жібермеу, ақпараттық-діни үгіт-насихат жүргізбеу деген тармақтар кірген жоқ. Сондықтан қозғалыс бұл бағытта еркін жұмыс істесе, олар ешбір құжат талаптарын бұзбаған саналады.
АҚШ әскери базасын аша ма? Әрине, АҚШ та оңайлықпен кете қоймайды. Қаруының жартысын жергілікті армияға қалдырмақ, жөндеуге келмейтінін жоймақ. Бірақ қазір Уашингтон Орталық Азия елдерімен қызу келіссөздерді бастап кеткен сыңайлы. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 23 сәуірде Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерімен онлайн кездесу өткізді. Мақсаты – осы өңірде әскери базасын ашып, жауынгерлерін қалдыру болар деп топшылаймыз. Яғни, шекараның арғы бетінен Ауғанстан үкіметін қолдайтын жоспары бар секілді. Алайда бұл ұсынысқа Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан басшылығы келісе ме?
Бір жақты жауап айту қиын. 2001 жылдан кейін Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан түрлі себептермен өз территориясында НАТО әскерін орналастыруға келіскен болатын. Біріне Батыстың саяси, қаржылай қолдауы қажет болса, басқасы ауған жеріндегі «Талибанды» жүгендейтін қуатты күштің келуіне мүдделі еді. Тек Қазақстан мен Түркіменстан өз жерінде әскери база беруге бас тартты. Бірақ «Солтүстік тарату желісіне» қосылды. Алайда үш елдің АҚШ пен НАТО әскеріне шекарасын ашқанына өңірлік державалар Ресей мен Қытай қуана қойған жоқ. Сондықтан көп өтпей Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылып, Орталық Азия елдерінің басын біріктірді.
Қазір жағдай басқа. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы жұмыс істейді. Құрамында Ресей, Қырғыз Республикасы, Армения, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан бар. Осы ұйымның мүшесі бола тұра Орталық Азия мемлекеттері АҚШ әскери базасын өз жерінде ашуға рұқсат беруі қиындау сынды. Бірақ Өзбекстан ешбір ұйымға мүше емес. Яғни, Ресейдің алдында пәлендей міндеттемесі жоқ. Оған қоса, қазір экономикалық реформа жүргізіп жатқан Шавкат Мирзиёевқа Батыстың кешенді қолдауы қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ үнемі қаржылай таршылық көретін Тәжікстан да Уашингтонмен келісімге келуі ғажап емес. Бір жағы, АҚШ әскері тәжік елінің қауіпсіздік кепіліне айналуы мүмкін. Екінші жағы, өз елінде, әлемде саяси легитимдігі азайып келе жатқан ақсақал басшы Эмомали Рахмонға Батыстың қолдауы артық етпейді. Түркіменстан дәстүрлі бейтарап ұстанымынан айнымас. Ал Ресейдің ең жақын серігі ретінде Қазақстан территориясын АҚШ әскеріне ұсына қоюы екіталай. Оған қоса, мұндай шешім ішкі саяси тұрақтылыққа да кері әсерін тигізері, жаңа митингтерге ұласары әбден мүмкін.