Ана мен бала денсаулығы – басты назарда

0 166

Ана мен бала денсаулығы – ең басты мәселенің бірі. Осы жайлы қаузайтын болсақ, есепті кезеңде Тараз қаласы бойынша 1 ана өлімі тіркелпті. Өткен жылдың есепті кезеңінде 3 ана өлімі тіркелген екен. Түберкулезбен ауырғандар саны 117 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,3 пайызға өскен. Былтыр 109 тұрғын осы кеселге шалдықан көрінеді. Биыл Туберкулез ауруынан 6 адам қайтыс болғанымен, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 40 пайызға төмендепті.

Нәресте өлімі 61 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 9 жағдайға өсіп отыр. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, нәресте өлімінің өсуі тараз қаласын айтпағанда, өңір бойынша аяғы ауыр әйелдердің жүктілік кезеңінде алдын-ала арнайы медициналық тексерулерден уақытылы өтпеуінен және инфекциялық, қан айналым жүйесінің, тыныс алу мүшелерінің сырқатттану салдарынан орын алып отыр екен.

Балалардың денсаулығын жақсартумен қатар оларды біліммен, мектепке дейінгі білім берумен қату да күн тәртібінен түскен емес. мәселен білім саласында 3 және 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 100 пайыз және 1 мен 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 83 пайызды құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайыздық тармаққа артыпты.

Құқық қорғау саласында есепті жылы қала көлемінде жалпы әр түрлі 2083 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 2,9 пайызға төмендесе, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 6,4 пайызға (624-тен 664-ке) өскен. Ал, жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 2,0 пайызға (54,9%-дан 52,9%-ға) төмендеген, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 1,8 пайызға (64,4%-дан 66,4%-ға) өсіп отыр екен. осының ішінде жасөспірімдер қылмысын сөз етсек, есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 37,8 пайызға төмендеп, 28 деректі құраған.

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында қала бойынша жол көлік оқиғалары 9,3 пайызға өскен (248 деректен 271 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 369 адамды құрап, 1,7 пайызға өссе (2020 жылы 363 адам), ал кісі өлімі 20 адамды құрап, 17,6 пайызға өскен (2020 жылы 17 адам).

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы бойынша 2025 жылға дейін 107 іс-шара (112 көрсеткіш), оның ішінде осы жылға белгіленген 86 іс-шараны (88 көрсеткіш) орындау көзделсе керек.

Көрсеткіштердің орындалу жайы қала әкімінің төрағалығымен өткізілген жиында — 3, өңірлік жобалық топтың отырсында — 2 және «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы Қоғамдық кеңес отырыстарында 3 рет қаралып, жұмыстарды жүйелі жүргізілу екшеліпті.

Есепті кезеңде жол картасына енгізілген 86 іс-шараның 29-ы орындалды, 57-сі жыл соңына дейін орындалуы тиіс екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.