“AMANAT” партиясы: жаңа қадамдар

0 120

Бүгін “AMANAT” партиясы Жамбыл облыстық филиалының облыс орталығынан шалғай орналасқан елді-мекендерде мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Мобильді топ құрамында партия облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, орынбасары, бөлім басшылары, Саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары және жергілікті атқарушы орган өкілдері бар.

Мобильдік топтың мақсаты: шалғай елдімекендердегі жергілікті тұрғындардың ой-пікірін біліп, мұң-мұқтажын тыңдау, сонымен қатар, халықпен етене жақындаса түсу.

Мобильді қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

Бүгінгі шалғай орналасқан аудандарда өткен іс-шаралардан қысқаша ақпарат:

Жамбыл ауданына қарасты Ерназар, Өрнек және Жұма ауылдарында өткен қабылдауда 22 азамат жеке өтініштерімен қабылданды.

Ауыл тұрғындары жер алу, жұмысқа орналасу, Жұма ауылында медициналық пункт құрылысын бастау, орта мектепті жаппау және мейірбикелердің кәсіби біліктілігінің төмендігі, ауыз су құбырларын ауыстыру мәселелерін, сондай-ақ, Өрнек ауылына спорт кешенін салу, спорттық іс-шараларға қатысуға қаражат бөлу, ауылдағы орталық кітапхананы кеңейту, кіші футболға арналған спорт кешенін жарықтандыру, жайылымдық жер мәселелерін реттеу сынды өтініштерін білдірді;

Ерназар ауылының тұрғындары құрылысы аяқталған артезиан суын пайдалануға беру, қолданыстағы ауыз су құбырларын ауыстыру, көгілдір отын кіргізу , жұмыссыздық, ағын су ,кооператив құру, көшелерге қауіпсіздік белгілерін салу, жер мәселесін шешуді өтінді.

Жуалы ауданына қарасты, Жетітөбе және Қошқарата ауылдық округтерінің тұрғындары ауылда орналасқан спорт зал ғимаратын жөндеу, сапалы мобильді интернет байланысын орнату, электр бағандарының ескіруі, трансформаторлардың қоршалмауы, жарықтың жиі сөнуі және Ақтасты ауылына мектеп салу, ағын су мәселесі және өзге де бірқатар мәселер бойынша өтініш білдірді.

Тұрғындардың өтініштерін тыңдаған мобильді топ мүшелері шағым және талап-тілектерді партиялық бақылауға алып, мәселелердің шешілуіне ықпал ететін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.