«Алтыналмаста» ірі жоба жүзеге асуда

0 216

Қазақстанның үш ірі алтын өндіруші кәсіпорнының бірі «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы Мойынқұм ауданында орналасқан. Табиғат байлығын игерудің тиімді тәсілін тапқан аталған компания SAP S/4HANA және модельдік компаниялардың шешімі негізінде бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша ауқымды жобаны іске қосып отыр. Жобаны SAP Services CIS сарапшылар командасы күрделі пандемия жағдайында өте қысқа мерзімде іске асырыпты. Жұмыс Agile-әдіснамасын қолдану арқылы толығымен қашықтықтан жүргізіліпті. Бұл жоба басқа әдіснамаларға қарағанда екі есе жылдам іске қосуға мүмкіндік берген көрінеді. Болашақта жаңа шешім операциялық шығындарды 15 пайызға, айналым капиталын 5 пайызға оңтайландыруға, сондай-ақ дағдылы операцияларды 20-30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

2017 жылы осы компанияда жаңа инфрақұрылым мен жаңа операциялық модельді пайдалана отырып, бизнесті қайта ұйымдастыруға және бизнес-процестерді стандарттауға бағытталған жаһандық цифрлық трансформация жобасы басталғаны белгілі. Өйткені тарихи ақпараттық жүйе деректер көлемін игере алмау және өндіріс процестерін қамтымау салдарынан үдерістіауыстыру туралы шешім қабылданған екен.

– SAP шешімі деректерді төмен деңгейлі өнеркәсіптік жүйелерден жинақтайтын жоғарғы деңгейлі платформаға айналды. Осы деректерді талдау негізінде компания мамандары салмақты шешімдер қабылдап, процестерді оңтайландыра алады. Сондай-ақ нақты уақыт режимінде қысқа уақыт аралығында барлық процестерді бақылау бұрын кен өндіру кәсіпорны жағдайында жүзеге асыру өте қиын болатын. Қазір дұрыс бюджеттеу мен жоспарлауды іске асыра алады. Шешімді таңдау кезінде біз үшін басты критерийлер ретінде SAP стандартты функционалдылығын барынша пайдалана отырып, үздік жаһандық және салалық практикаларды қолдану, Қазақстан заңнамасының стандарттары мен талаптарына сәйкес оқшаулау, шешімнің ауқымдылығы қарастырылды – дейді «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамының IT және корпоративтік даму жөніндегі вицепрезиденті Жанара Аманжолова.

Жоба екі жылға есептеліпті. Үш жүйелі толқынмен енгізілген жоба 2022 жылы аяқталады екен. Бірінші толқын қаржы және пайдалы қазбаларды өндіру үшін екі модельді компания базасында басталса, ол қаржылық есепке алу, персоналды басқару және өндірістік есепке алу процестерін қамтыйтын көрінеді. Екінші толқын жылжымалы және көлемді жоспарлау, сату және операциялар, бюджеттеу, ТҚжЖ автоматтандыру процестеріне бағытталған. Үшіншісі бизнес-талдау мен визуализацияға, сондай-ақ экологияы қалыпты деңгейде сақтау секілді жобаларға арналған екен. Жаңа ақпараттық жүйені пайдалана отырып, жаңа бизнес-процестерді бастау «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы компаниялар тобының құрамына кіретін төрт компанияға енгізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.