«Дәрігергерлер мені ажалдан аман алып қалды»

0 144

Бүгінде індет ушығып тұрса да жасы үлкендердің той-томалақ, ас-жиынға баруды тоқтатпай тұрғаны шындық. адам көп шоғырланған жерден індетке шалдығып, ақыр соңында аһ ұрып қалғандары қаншама? Кейбіреулері айықбас дерке шалдығу арқылы, ажал тырнағына да ілініп кетіп жатыр. Осындай жиын тойларға барып жүріп індет жұқтырған облыстың бір тұрғыны өкпесі 76 пайыз қабынып, екі апта бойы жасанды желдету аппаратымен дем алып, күрделі жағдайдағы науқас әзер дегенде емделіп шыққаны есімізде.

Зиба Убайдулла есімді 65  жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны (аты-жөнін өзгертіп жазуды өтінді) шілде айының ортасында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар құрылымына түскен.

Ауруханаға түскен кездегі жағдайы тым ауыр еді. Оған қоса науқаста қант диабеті, артериалды гипертензия, тыныс алу жетіспеушілігінің І-дәрежесімен қатар интоксикациялық синдромның болуына байланысты жансақтау бөлімінде бақылауда болыпты. Түскен күннен бастап, тыныс алу жетіспеушілігі ІІ,ІІІ-дәрежеге дейін төмендеп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Дер кезінде жүргізілген кешенді емнің арқасында пациенттің жағдайы бүгінде жақсарған. Науқастың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер оны екі апта бойы үздіксіз бақылауда ұстап, тиісті ем-шаралар ретін жүргізіп отырды. Дегенмен, қосалқы аурулары болғандықтан, әрең дегенде өз-өзіне келген қарт ана тиісті медициналық шаралар нәтижесін берген соң есін жиып, өздігінен дем алуға мүмкіндік алды.

– «Жаз мезгілі той мезгілі» демекші, 4 күн қатарынан «ағайын-туыс, құда-жекжаттан ұят болмасын» деп жиын тойларға барған едім. Соным ақымақтық болыпты. Қанша жерден сақтық шараларын ұстанып, қымтанып, медициналық масканы тастамай жүргеніммен, індет алып ұрды. Соңғы жиынға барғаннан кейінгі бесінші күні дене қызуым көтеріліп, әлсіздік бойымды басып алды. Буындарым ауыра бастады. Ел салдырып жатқан вакцинаны да алған жоқ едім. Үйден дәрілер ішіп, уколдар қабылдадым. Өздігінен жүргізілген емнен жағдайым жақсармаған соң, жедел жәрдем шақырдым. Осылайша ауруым одан сайын асқынып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтым. Мұнда келгенде екі жақты пневмония, өкпе 76 пайыз қабынған деген диагноз қойылды. Екі жеті өкпені жасанды желдету аппаратына қосу арқылы демалып жаттым. Дәрігерлердің күш-жігерінің нәтижесінде қауіпті вирустан аман қалдым. Тоқ етерін айтқанда дәрігергерлер мені ажалдан аман алып қалды. Мені қазір бейінді бөлімшенің палатасына ауыстырды, онда емдеуді жалғастырдым. Науқасты өлімнен арашалап қалған барша ақ халаттыларға айтар алғысым шексіз», – дейді қария.

Қазіргі таңда ол кісі ауруханадан шығып, үйіне қайытыпты. Десе де жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында екен. «Сақтықта қорлық жоқ» деген, ауырғаннан — ауырмаудың жолын іздеген абзал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.