Алматыда блогерді ұрып, тонап кеткен бұзақылар ұсталды

0 35

Полиция блогер Валерий Кудрявцевті ұрған күдіктілерді ұстады. Олар Іле ауданының 19 жастағы тұрғындары болып шықты.

Алматыда полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-тегі парақшасында Валерий Кудрявцевті ұрып-соғып, тонап кеткен деген күдіктілердің ұсталғаны туралы жазды.

«Шабуылшылардың тұлғаларын бірден орнаттық. Күні бойы жедел және арнайы іс-шаралар кешені өткізілді, соның арқасында күдіктілердің екеуі де ұсталып, Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаскүнемдер – Алматы облысы Іле ауданының тұрғындары, екеуі де жұмыссыз, 2002 жылы туған. Қазіргі уақытта заттай дәлелдеме – жәбірленушінің ұялы телефонын өткізу орны анықталуда», — деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Еске сала кетейік, Алматыда белгісіз біреулер блогер Валерий Кудрявцевті соққыға жығып, тонағанын жазғанбыз.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.