Әлеуметтік желіде отырып та рухани жаңғыруға болады

0 409

Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы — қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі».

Осыны ескере отырып, Жамбыл облысында жастардың виртуалды «әлемдегі» үлесін ұлттық негізден ажырап қалмауын қамтамасыз ету мақсатында түрлі шаралар қолға алынуда. Мәселен, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің әлеуметтік парақшаларында әр аптаның күнделігінде ерекше оқиғалар мен белгілі тұлғалар жайында посттар шығарылып, халықаралық және арнайы мерекелік күндерге видеоролик, анимациялар жариялануда. Мақсаты — жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар, мерейтойлы ұлы тұлғалар мен еліміздегі атаулы күндерді әлеуметтік желілерде жариялау.

Ал ағымдағы жылдың 1 тоқсанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Еңбек елдің мұраты» арнайы жобасы аясында Жобалық офис әр түрлі сала қызметкерлерінің жұмысы туралы видеолар түсірді. Олар: полиция қызметкері, өрт сөндіруші, медбике және шаштараз-барбер. Жоба мақсаты жастарға қай салада еңбек етсек те бәрі тек таза еңбекпен келетінін жеткізу. Сонымен қатар «бес баланың үшеуі бастық боламын» деген қағидатты өзгерту. Бұған дейін осы арнайы жоба аясында етікші, егінші, теміржолшы, көше сыпырушы Айман апай, ұстаз Олжас ағай, тігінші деген сияқты сан түрлі сала қызметкерлерімен видеолар түсірілген болатын.

Бұдан бөлек «Қазақшаңыз қалай?» атты блиц-сауалнамалар қала тұрғындары арасында жүйелі жүргізіліп тұрады. Сауалнама мақсаты қала тұрғындарына қазақ тілінде әр түрлі сұрақтар қою арқылы, өздерінің тілді тереңірек білу керектігін түсіндіру. Жақсы жауап берген қатысушыларға театр спектакльдеріне билеттер табысталады. Бұл жоба халықты мәдени ошақтарға баруға қоса шақырады.

Сонымен қатар, «Жамбылдың жайсаңдары» арнайы айдары аясында Жамбыл жерінен шыққан белгілі азаматтар жайлы қысқаша бейнероликтер дайындалды. Нәтижесінде, Әулиеата топырағынан түлеп ұшқан атпал азаматтардың өмірі мен табысқа жету жолы жайында танымдық әрі мотивациялық бейнедеректемелер дайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.