Абай бірнеше қызды бүлдірген, Қыз Жібек те қыздай тимеген- Анна Құдиярова

0 7 422

Психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі — ажырасуға қатысты ойын ортаға салды.

Оның айтуынша, мұндай проблеманың шешімі — азаматтық неке, деп хабарлайды Экспресс К.

Танымал психолог Анна Құдиярова Caravan.kz порталына сұхбат беріп, азаматтық неке қазақта баяғыдан бар екенін айтты.

Ұрын күйеу деген қазақта бар. Абайдың өзі біренеше қызды бүлдіріп, ұялмай талай қызды пәктігінен айырған. Абай жолын оқып таңқалғанмын. Абайдың жастық шағы туралы жазылған кітабын оқысаңыз ұрын күйеу туралы жазылған. Қыз Жібекте қыздай тимеген,

— дейді психолог.

Оның айтуынша, үйленуді 30 жастан кейін бастаған дұрыс, себебі адам осы шақта психологиялық кәмелетке жетеді.

Ерлі-зайыпты болғысы келетін қыз бен жігіт алдын-ала «психологиялық үйлесімділігіміз бар ма» деп тексерілуі қажет. Жалпы ер мен әйел арасында жан жылулығы, белден төмен жақтағы жылулық және ең бастысы сыйластық болу керек,

— дейді маман.

Анна Құдиярова психоанализден өту үшін Үкімет тарапынан жастарға қаржы бөлуді де ұсынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.